Қазақстанда екінші деңгейлі банктердің қызметін реттеудің мүлдем жаңа форматы күшіне енді. Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» жаңа заң аясында енді қаржы институттарына базалық және әмбебап деп бөлінетін лицензияның екі түрі беріледі. Бұл реформа нарықтағы бәсекелестікті күшейтіп, жаңа ойыншылардың, соның ішінде шағын және цифрлық банктердің дамуына жол ашпақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мемлекет басшысы банк және қаржы нарығын реттеу туралы екі заңға қол қойды
Лицензия түрлері рұқсат етілген операциялардың көлемі мен реттеушілік талаптардың қатаңдығы бойынша ерекшеленеді: Шектеулер мен талаптар: Заң жобасында базалық банктік лицензиясы бар банктер үшін активтердің ең жоғары мөлшері мен меншікті капиталдың ең аз мөлшеріне шектеулер белгіленеді. Бұл ретте нақты шекті мәндер заңға тәуелді актілерде айқындалады. Қазіргі кезеңде активтердің мөлшерін 500 млрд теңгеге дейін және капиталдың ең аз мөлшерін 10 млрд теңгеге дейін шектеу жоспарланған. Сонымен қатар мұндай банктерге тәуекелдерді азайту мақсатында бейрезиденттер мен үлестес тұлғаларға несие беруге тыйым салынады. Жеңілдетілген қадағалау: Кішігірім банктер үшін пруденциялық нормативтер төмендетіледі. Оларды қадағалау процесі айтарлықтай жеңілдейді: жыл сайынғы тексерулер мен есептілік тапсыру жиілігі қысқарып, инспекция жүргізу талаптары жұмсарады.Жеке тұлғалар банкроттығы: Банктер қанша адамның берешегін кешірді?
Президенттің тапсырмасымен әзірленген бұл заң тек лицензиялауды емес, бүкіл банк секторының заманауи технологиялық өзгерістерге бейімделуін көздейді. Жаңа ережелер экономиканы қаржыландырудағы банктердің рөлін арттыруға, қаржылық технологияларды (FinTech) ілгерілетуге және цифрлық активтер айналымын еркін түрде дамытуға бағытталған.Мемлекеттен көмек алған банктерге дивиденд төлеуге шектеу қойылуы мүмкін