Маңғыстаудың табиғаты, салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдары туралы арнайы бейнесюжет «Россия-1» телеарнасының «Утро России» бағдарламасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Утро России» бағдарламасында Маңғыстау өңірінің терең тарихы, табиғи ландшафты, салт-дәстүрі мен түйе сүтінен жасалған ұлттық тағамдары туралы мағлұмат берілді. Бірінші бейнематериалда шетелдік журналистер Ақтаудың бойтұмарына және визит карточкасына айналған – «Маяк» шамшырағымен танысты. Тұрғын үй төбесіне шамшырақ орнату әлемде тұңғыш рет 1974 жылы ақмаржан қала Ақтауда іске асырылған екен. Сонымен бірге журналистер жартасты соқпақты аралап, өңірдегі балық шаруашылығының даму әлеуетімен танысты.
Туристік күнтізбе: Биыл Маңғыстауда қандай іс-шаралар өтеді?
Бейнематериалда қазақ халқының қонақжай қасиеті мен дархан пейіліне, мол дастарханына айрықша тоқталып, алғысын білдірген тілшілер балық асып, яғни «фишбармақ» дайындап, түйе сүтінен жасалатын өнімдердің дәмін татты. Түсірілім тобы тұрғындарды үздіксіз ауыз сумен қамту жұмысын жүзеге асырып отырған «Каспий» су тұшыту зауытының жұмысымен де танысты.
Қытай блогері Бозжыра шатқалын әлемге танытты
Түсірілім тобы Бозжыра шатқалына барып, түбектің тұмса табиғатына тамсанды. Түйе сүтінен әзірленген өнімдердің ерекшелігіне тоқталып, ірімшік даярлайтын мамандармен әңгімелесті. Сюжет Маңғыстау облысының табиғи, мәдени және туристік әлеуетін кеңінен насихаттауға, сондай-ақ халықаралық аудитория үшін өңірдің оң имиджін қалыптастыруға бағытталды.
Өнерпаз Бозжыра шатқалында «Interstellar» фильмінің композициясын орындады