Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінде өткізген жиын соңында қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін агенттіктің бір топ қызметкерін мемлекеттік наградамен марапаттады, деп жазады Egemen.kz.
Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен
Байшолақов Азамат Қанатұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының кеңесшісі;
Есенов Ерік Өмірбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы;
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен
Ержанұлы Ертілек – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел уәкілі (анықтаушысы);
Жаналиев Нұрбол Арысланбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аға тергеушісі;
Өмірбеков Ержан Малғаждарұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басқарма басшысының орынбасары;
Ысқақов Мұстафа Шорманұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі уәкілі (анықтаушысы);
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Ағжанбаева Әлия Серікқызы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Тәуекелдерді бағалау ұлттық орталығының басшысы марапатталды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы жиында әлеуметтік салаға бөлінген қаржыны жымқыратын алаяқтар аз емес екенін және жемқорлыққа бейім адам ешқашан патриот бола алмайтынын атап өтті.
Еске салайық, бүгін Президент әлемдегі ең үздік педагогтердің қатарына енген алматылық мұғалімді құттықтады.