• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Шаруасы жайқалған жылыжай

20 рет
көрсетілді

«Greenhouse-Qaztomat» жылыжай кешені – Орталық Азиядағы ең ірі әрі өңірдегі ауқымды жобаның бірі. Мұнда жыл сайын шамамен 15 мың тонна қызанақ пен қияр өсіріліп, өнім ішкі нарыққа да, экспортқа да жөнелтіледі.

Екібастұздағы «Green­house-Qaztomat» жылы­жай кешені бас­шы­лығы жуықта шаруа­шы­лықты кеңейту жоспарын таныс­тырды. Айту­ла­рынша, жобаға салына­тын жалпы инвестиция көлемі – 10,7 млрд теңге. Жобаны іске асыру нәтижесінде кешен аумағы 10 гектарға ұлғайып, жыл­дық өнім көлемі 20 мың тон­надан аспақшы. Жаңа жы­лы­жайды іске қосу желтоқсан айына жос­парланған. Қазіргі уа­қыт­та кәсіпорында 450 адам еңбек етсе, кеңейту аясын­да қосымша 120 жаңа жұмыс орны ашылады. Компания жергілікті кадр­лар­ға басымдық беріп, бәсе­кеге қабілетті жалақы мен ­кәсіби өсу мүмкіндігін ұсы­нып отыр.

Жалпы, екібастұздық жылыжайдағы көкөністер жасанды жарықтандыру арқылы голланд техноло­гия­­сымен қор­ғал­ған топы­рақ­та өсе­ді. Ал тұқым то­лық­тай Ни­дер­ландтан, өсім­­дік­тер­ді то­заң­дан­ды­руға арналған аралар Англиядан жет­кізіліп отыр. Тыңайт­қыштар да шет­тен сатып алынады. Тек өсіп шыққан өнім ғана отан­дық саналады. Бұл да жылыжай шаруашылығы үшін – маңызды мәселе.

Мұндағы өнімдер нарықта ұзақ уақытқа сақталатын қасиетімен танымал. Мәселен, қызанақ өніп шыққан соң 12 ай бұзыл­майды. Екібастұздың қы­занақтары еліміздегі «Small» және  «Magnum» сияқты ірі сауда желі­ле­рін­де тұрақты сатылады. Көкөністер об­лыс­тағы әлеуметтік дүкен­дерде де қолжетімді баға­мен шығып отыр: қиярдың килосы – 980 теңге, қызанақ – 925 теңге.

 

Павлодар облысы,

Екібастұз қаласы

Соңғы жаңалықтар