2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Данияр Қайсанов еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Данияр Қайсанов 2017 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетті. 2019 жылы ол әлем біріншілігінде үшінші орынды иеленді.
Еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатындар анықталды
2020 жылғы Токио (Жапония) Олимпиадасында Қайсанов жүлдеге бір қадам жетпей, қола медаль үшін өткен белдесуде жеңіліп қалды. Сондай-ақ оның еншісінде Азия чемпионатының екі алтын медалі бар.
Еркін күрестен ұлттық құраманың алдағы оқу-жаттығу жиыны ақпан айының алғашқы жартысында Алматы облысында өтеді. Жиын барысында бапкерлер штабының толық құрамы ресми түрде таныстырылады.
Шадияр Пернеш еркін күрестен Сурдлимпиада чемпионы атанды
Айта кетейік, АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды.