«NASA» 60 жыл бұрын тоқтатылған ядролық зымыран қозғалтқыштарын сынауды қайта бастады. Бұл технология болашақта Марсқа және алыс ғарышқа ұзақмерзімді миссияларды жүзеге асыруға негіз бола алады.
Өткен жылы агенттік ядролық зымыран қозғалтқышының прототипіне бірқатар сынақ жүргізген. Сынақ Маршалл ғарыш орталығында басталды. 60-жылдардан бері алғаш рет ұйымдастырылған бұл жоба әуелі, «суық режімде» – ядролық отынсыз жасалды. Шілде мен қыркүйек аралығында жүзден астам тексеріс өткізіліп, құрылғының қысымға төзімділігі, акустикалық жүктемесі, тораптардың және өлшеу жүйелерінің жұмысы бағаланды. Теориялық есеп бойынша, мұндай технология Марсқа ұшу уақытын шамамен бір айға дейін қысқартуы мүмкін.