• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 08:28

Атамекенге ат басын бұрғандар

10 рет
көрсетілді

Кейінгі 9 жылда Павлодар облысына 5726 қандасымыз көшіп келген. Олардың барлығына тиісті төлемдер мен көмек түрлері көрсетілген. Қандастардың дені Қытай, Түрікменстан, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, т.б. мемлекеттерден қоныс аударған.

Ресми деректерге сү­й­ен­­сек, Ертіс­ бойын­дағы елді ме­кендерге биыл 977 қандас көшіп келуі керек. Квотаға іліккендерге қандай көмек түрлері тиесілі? Бұл сұраққа өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Самал Қадырова жауап берді. Оның айтуынша, көшіп келушілерге мемлекет тарапынан көптеген материалдық көмек түрі қарастырылған.

– Ең әуелі көшуге арналған субсидия – отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде біржолғы төлем, одан соң тұрғын үйді жалға алу және ком­­муналдық қызметтерді тө­­леу шығындарын өтеуге арнал­ған субсидия (бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін) төленеді. Оған қосымша экономикалық ұтқырлық сер­тификаты (1625 АЕК мөл­шерінде) да көшіп келуші­лерге тиесілі, – дейді басқарма басшысы.

Жыл сайын қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына сәйкес елді мекендер тізімі бекітіледі. Бұл жерде көшіп келуші қоныстанатын елді мекенді өзі таңдайтынын ескерген жөн. Қандастарымыз көбіне ол жерде туыстары мен таныстарының көп болуына мән береді. Мәселен, былтыр облысқа 1016 қандас көшіп келген. Қандастардың дені Қытай, Түрікменстан, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей,  т.б. мемлекеттерден қоныс аударған. Көші-қон органдары кейінгі жылдары Қытайдан атамекенін іздеп келіп жатқандар саны арта түскенін айтады.

Атап өтерлігі, ішкі көші-қон бағдарламасы бойынша өткен жылы өңірге 1422 адам көшіп келген. Олар Пав­лодар, Ақсу, Екібастұз қа­ла­ларына, сондай-ақ Желе­зин, Ертіс, Тереңкөл, Павло­дар және Успен аудандарына орналастырылған.

«Ішкі көші-қон аясында кел­гендердің ішінен жұмысқа қабілетті 632 адам бар, оның ішінде 176 адам жұмыспен қамтылды (5 адам жеке кәсіп ашты, 23 адам мемлекет­тік грант алды). Жұмысқа қабі­летті 545 қандасымыздың 113-і жұмыс орындарына тұр­са, 11 адам мемлекеттік грант­қа қол жеткізді. Өзгеле­рін­ жұмысқа орналастыру бо­­йын­ша іс-шаралар қолға алын­ған», дейді Самал Қадырова.

Ал Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау министр­лігі­нің мәліметінше, былтыр Қазақстанға 6 843 адам кө­шіп келген, оның 2 234-і – қандастарымыз. Бұл тізім­де Ертіс-Баян өңірі көш бас­тап тұр – 2 190 адам. Ми­нистр­ліктен атап өткендей, қабыл­данып жатқан іс-шара­лар­дың нәтижесінде қоныс­та­ну өңірлеріндегі көші-қон­ның теріс сальдосы 2019 жылмен салыстырғанда 36%-ға төмендеген. Бұл шара­лар қоныс аударушылар мен қандастарға арналған әлеу­меттік және тұрғын үй қол­дау­ын жақсартуға мүмкіндік береді.

Негізі елімізде қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдауға арналған Migration.enbek.kz порталы белсенді түрде дамып келеді. Министрлік мәліметінше, портал арқылы былтыр жалпы 18 639 өтініш өңделсе, ал пай­даланушылардың жалпы саны – 18 303. Порталдың ең танымал қызметтері қа­та­рын­да этностық қазақ мәр­те­бе­сін алу, ішкі қоныс ауда­ру,­ жұмыспен қамту және әлеу­меттік қолдау мәселелері бар. Ең көп сұранысқа ие қыз­мет­тер қатарына мыналар жа­тады: «қандас» мәртебесін беру – 6 928 өтініш, оның ішін­де 3 859-ы мақұлданған; ең­­бек шартына қол қою ниеті туралы келісім – 5 508 өтініш; қо­­ныс аударудың өңірлік квотасы – 1 856 өтініш; көшу бо­йынша субсидия төлеу тура­лы өтініш – 1 330 өтініш. Пор­тал заманауи цифр­лық ше­­шімдер арқылы мем­ле­кет­тік орган­дар мен азамат­тар ара­сын­дағы өзара іс-қимылды оң­тайландырады, сон­дай-ақ­ шетелдік жұмыс кү­шін тар­туға арналған бизнес-үде­ріс­тер­ді іске асырады.

 

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар