FlyArystan әуе компаниясы 1 наурыздан бастап тегін қол жүгінің салмақ шегін 5 келіден 7 келіге дейін ұлғайтады. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Компания мәліметінше, қол жүгінің рұқсат етілген өлшемдері бұрынғыдай қалады. Яғни сөмкенің габариті 56x23x36 см-ден аспауы керек. Шешім нарықты және жолаушылар сұранысының құрылымын талдау нәтижесінде қабылданған.
Маңғыстаулық студент ұшақ бортында жолаушыға жәрдемдесті
«Жаңа ережелер 1 наурыздан бастап күшіне енеді және осы күннен бастап орындалатын рейстерге рәсімделген барлық әуе билеттеріне, сатып алынған уақытына қарамастан, қолданылады», деп хабарлады компания.
Қазақстан ұшақтарына Иран аспанында ұшуға тыйым салынды
Сонымен қатар тасымалдаушы бір жолаушыға салмағы мен өлшем талаптарына сай келетін бір ғана қол жүгін алып жүруге рұқсат беру қағидатын сақтайтынын атап өтті.