• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Құқық Бүгін, 08:30

Сталкинг пен алаяқтық қатаң жазаланады

20 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігі сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлап, ол үшін қандай жауапкершілік көзделгенін еске салды.

Министрлік азаматтардың жеке өмірі мен қауіпсіздігі заңмен қорға­ла­ты­нын, ал аңду, қайта-қайта мазалау қылмыс екенін ескер­теді. Қайта-қайта қоңы­рау шалу, хабарлама жіберу, әлеу­мет­тік желілер арқылы бақы­лау, адам­ның еркінен тыс ізіне түсу – сталкинг.

«Бұл әрекеттер адамның қауіп­сіздігіне және психология­лық жай-күй­іне тікелей қауіп төндіреді. Қазақ­стан Респуб­ли­ка­сының Қылмыс­тық кодексінің 115-1-бабына сәйкес, сталкинг фак­тісіне заңмен қатаң жауап­кер­ші­лік көзделген.

Аталған бапқа сәйкес, 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынып, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген. Сондай-ақ 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған», делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Министрлік хабарламасында Конс­титуция әрбір азаматтың жеке өміріне қол сұғуға болмайтынын және қауіпсіздік құқығын қорғауға кепілдік беретіні ай­тылған. Яғни заң бұзушылық – міндетті түрде жауапкершілікке әкеліп соғады. Сондықтан өзге адамның «Жоқ» деген жауабына міндетті түрде құрметпен қарау заңмен міндеттелген.

Сондай-ақ құқық қорғау органдары қоғамдық қауіпсіздікті қалыптастыру мақсатында интернет алаяқтықтың жаңа схема­сы туралы ескертеді. Шетел­дік дерек­­көздердің мәліметтері бо­йынша алаяқтар тегін элек­трон­­дық кітап­тар ретінде Telegram-ға зиянды файл­д­арды таратады. Сөйтіп, Тelegram-нан кітаптардың үлкен жиынтығы қолжетімді екені жайлы шектеу­сіз хабарлама жібе­реді.

Қажетті  басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция жасай отырып, кітап сю­же­тінің қысқаша сипат­­­тамасын жа­сайды, бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына «арнайы қосымша» деген атаумен вирус­тық файл жібереді.

Файлды орнатқан кезде алаяқ­тар құпиясөздер мен қара­жат ұрлап, хат алмасуға және фото­суреттерге қол жет­кізеді. Сондай-ақ бұл «тегін кітап­ха­на­ның» салда­ры смартфонды қашықтан бас­­қа­ру және жеке деректерді жо­ғал­туға әкеп соғады. Сол себепті полиция бейресми көз­дер­ден басқа қосым­ша­лар­ды орнату қа­уіп­ті екенін еске салады.

Министрлік кибергигиена ереже­ле­рін сақтау және жеке қыра­ғылық осындай қауіп-қатер­лер­ден қорғаудың негізгі шаралары екенін қаперіңізге салады.

Соңғы жаңалықтар