Үндістанның ірі әуекомпанияларының бірі IndiGo ақпан айының соңына дейін төрт халықаралық бағыт бойынша, соның ішінде Алматыға қатынайтын рейстерін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әуе компаниясының ресми мәлімдемесіне сәйкес, 28 ақпанға дейін келесі қалаларға ұшу жоспарланбайды:
Алматы (Қазақстан); Тбилиси (Грузия); Баку (Әзірбайжан); Ташкент (Өзбекстан).2025 жылдың желтоқсанында басталған ішкі толқуларға байланысты Иран билігі әуе кеңістігін уақытша жапқан болатын. Осыдан кейін Lufthansa мен ITA Airways сияқты әлемдік алпауыттар да қауіпсіздік мақсатында өз бағыттарын қайта қарастырған еді.
Иран билігі наразылықтар кезінде шамамен 2000 адамның қаза тапқанын мойындады
IndiGo басшылығы Алматы – Дели бағытына билет алған жолаушыларға екі жол ұсынып отыр:
Баламалы маршруттарды таңдау;
Билет құнын толықтай қайтарып алу.
Қазақстан ұшақтарына Иран аспанында ұшуға тыйым салынды