Пәкістан Қазақстанда өндірілген 600 электробусты сатып алады. Жалпы құны 108 млн долларды құрайтын бұл келісім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Исламабадқа ресми сапары аясында жасалып, екі ел арасындағы ең ірі өнеркәсіптік келісімдердің біріне айналды, деп жазады Egemen.kz.
Жеткізу туралы шарт Алматыдағы Falcon EuroBus компаниясы мен пәкістандық QCC International арасында бекітілді. Келісімге сәйкес, алғашқы электробустарды 2026 жылдың сәуір айында жеткізу жоспарланып отыр.
Көлік хабын қалыптастыру – стратегиялық міндет
Компания өкілдерінің айтуынша, бұл жоба Қазақстанның машина жасау саласының экспорттық әлеуетін арттырып қана қоймай, экологиялық таза көлікті дамыту бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты да күшейтеді. Ал 2027-2028 жылдары Пәкістанға экспортталатын автобустар көлемін 2 мың бірлікке дейін ұлғайту көзделген.
Қазақстан Қытайдан көлік импорттаушы 10 елдің қатарына енді
Сарапшылар бұл келісімді отандық өндіріс үшін маңызды серпін деп бағалайды. Өйткені жоба Қазақстанда шығарылатын жоғары технологиялы өнімнің шетелдік нарықта сұранысқа ие екенін көрсетіп, ел экономикасының әртараптануына үлес қоспақ.