• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Ақпан, 2026

12,3 млрд теңге шығын: Түркістан жолдары неге мерзімінен бұрын бұзылған?

60 рет
көрсетілді

Түркістан облысында ауыр жүк тасымалдаушылар тарапынан 2 720 құқық бұзушылық анықталып, 437,1 млн теңге айыппұл салынған. Ауыр жүк көліктерінің жолдарға келтіретін жылдық шығыны орта есеппен 12,3 млрд теңгені құрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, өңірде жалпы 36 784 ауыр жүк көлігі тіркелген. Соңғы екі жыл көлемінде Түркістан облысы бойынша ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүк артып жүруінің салдарынан жолдар мерзімінен бұрын бұзылған.

2027 жылы алғашқы пилотсыз жүк көліктері іске қосылмақ

Ауыр жүк көліктерінің 1 жылға төленетін жалпы салығы – 85,4 млн теңге. Жүк көліктерінің шамадан тыс жүк артып жүру қозғалысын шектеу мақсатында былтыр 2 жерге автоматтандырылған өлшеу стансасы орнатылған.

Сапаға сай төлем: 14 ақылы учаскеде төлемақы қайта есептеледі

Сонымен қатар 2026-2028 жылдары жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына 11 автоматтандырылған өлшеуіш стансаларын орнату жоспарланған.

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар