Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
«Мемлекет басшысы «Жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.