Алматы қаласындағы «Ырысты» тұрғын үй кешенінің ауласында белгісіз біреу балконнан ішінде темір заттары бар бөтелкені төменге лақтырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сол мезетте төменде кішкентай баласымен бірге әйел тұрған.
Алматыда 29 жастағы жігіт кинотеатрда көз жұмды: Полиция тексерісті бастады
Тұрғындардың айтуынша, әйел учаскелік полиция инспекторына жүгінген, алайда кінәліні анықтау қиын болатынына алаңдаулы.
«Сондай-ақ пәтер иелерінің кооперативі оқиғаның мән-жайын анықтауға көмектесуі мүмкін басқа бейнебақылау камераларындағы жазбаларды беруден бас тартып отырғаны айтылды», делінген хабарламада.