• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 14:51

Жаңатастағы жел: Бірнеше үйдің шатыры ұшты

10 рет
көрсетілді

Бүгін Жаңатас қаласында жылдамдығы секундына 32 метрге дейін жеткен қатты жел соғып, салдарынан бірнеше нысанға зақым келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жойқын желдің салдарынан бірнеше тұрғын үйдің шатыры ұшқан. Қазіргі уақытта жедел штаб құрылып, зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандар келтірілген шығын мен қалпына келтіру жұмыстарын едел-жедел қолға алмақ.

Ақпан айында ауа райы қандай болады?

«Қаратау қаласындағы 1-шағын аудандағы №32, 33, 34, 35 тұрғын үйдің, 3-шағын аудандағы №6 тұрғын үйдің, 4-шағын аудандағы №15 және №15 А тұрғын үйлердің шатырлары жартылай ұшқан. Сонымен қатар Бейбітшілік көшесінде орналасқан ту тұғыры құлап, аудан аумағында электр жарығы уақытша сөнген. Қазірге дейін зардап шеккен азаматтар туралы ақпарат тіркелген жоқ.

Аудан әкімдігінде жедел штаб құрылып, зерделеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағдайды облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жеке бақылауына алды», делінген облыс әкімдігінің ресми сайтында жарияланған ресми ақпаратта.

Синоптиктер болжамы: Қазақстанда күн күрт суытады

Соңғы жаңалықтар