• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ата заң Бүгін, 12:48

Ғылыми қауымдастық жаңа жобаны талқылады

10 рет
көрсетілді

Алматыдағы Ұлттық ғылым академиясында жаңа Конституция жобасын ғылыми қауымдастықпен сараптамалық талқылауға арналған «Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Парламент Мәжілісінің депутаттары, Конституциялық комиссия мүшелері, қоғам белсенділері, академиктер мен жетекші ғалымдар қатысқан басқосуда жаңа Конституция жобасы аясында ғылым, білім, адами капитал және инновацияны мемлекет дамуының стратегиялық өзегіне айналдыру мәселесі сараланды. Әсіресе қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында конституциялық нормаларды жаңарту мемлекет дамуындағы тарихи кезең екені айтылды.

Іс-шараны жүргізген Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев Конституция жобасында адами капиталды, ғылым мен инновацияларды дамыту, алғаш рет мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде анықталып отырғанын, жаңа конституциялық модель – елдің болашағына бағыт-бағдар беретін дамудың зияткерлік картасы болатынын атап өтті.

Талқылау аясында Мәжіліс депутаты Айдос Сарым конституциялық жаңғырудың мәнін қоғамның нақты сұраныстарымен, соның ішінде білім, ғылым және инновацияны дамыту міндеттері тұрғысынан зерделеу қажеттігін, реформаның ашықтығы мен қоғамдық талқылауын күшейту арқылы ғылыми қауымдастықтың, сарапшылардың үнін естуге мүмкіндік беру – ғылымға негізделген саясаттың маңызды алғышарты екенін жеткізді. Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан конституциялық реформалар қоғамның ұзақ мерзімді даму мүдделерімен, соның ішінде білім мен ғылым салаларының стратегиялық рөлімен үндес екенін айтса, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжан конституциялық жаңғырудың мазмұнын тіл саясатының стратегиялық маңызын, соның ішінде мемлекеттік тілдің ғылым, білім және қоғамдық коммуникация кеңістігіндегі рөлімен сабақтастыра пікір білдірді.

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жиында ғалымдар адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық тұрақтылығы мен өркендеуінің басты тірегі екенін, осыған орай ғылыми қауымдастық жауапкершілікті жіті сезініп, Конституциялық реформалар бойынша түсіндіру жұмыстарына белсенді үн қосатындарын атап өтті.

Конституциялық комиссияда жаңа Ата Заңды бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынылды

Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, әлеуметтік желілерде кейбір азаматтар Конституция жобасы мәтінін мұқият оқымай, соңына дейін түсінбей әртүрлі негізсіз ақпараттар таратып жатыр.

«Осы жағдайды ескере отырып, елімізге еңбегі сіңген көрнекті ғалымдар, оның ішінде Қазақстанның Еңбек Ерлері бар академиктер конституциялық реформаларға қатысты өз ұстанымын ашық білдіріп, қоғамдық пікірге үн қосуды ұйғардық», деген Академия басшысы ғылыми қауымдастықтың үндеуін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар