Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Надежда Дубовицкая Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен жарыста биіктікке секіру сайысының финалында бірден төрт спортшы 187 см нәтижеге қол жеткізді, алайда 190 см биіктіктен аса алмады.
Алтын жүлде Өзбекстан өкілі Валерия Горбатоваға бұйырды. 184 см биіктікті тек үшінші мүмкіндігінде ғана бағындырған Дубовицкая Үндістан спортшысы Пуджа Сингхпен бірге екінші орынды бөлісті. Қытайлық Лю Цзявэнь жүлдеден тыс қалды.
Қазақстанның тағы бір өкілі Кристина Овчинникова 180 см нәтижемен жетінші орынға тұрақтады.
Дубовицкаяның медалі – 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына түскен бесінші жүлде.
Алтын медальды сондай-ақ көпсайысшы Алина Чистякова мен 3000 метрге жүгіруде Нора Джеруто жеңіп алды.
Айта кетейік, Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатына 24 елден келген спортшылар қатысып, жеңіл атлетиканың 26 түрі бойынша жүлделерді сарапқа салып жатыр.
Олимпиада: Қазақстан спортшыларының 8 ақпандағы жарыс кестесі қандай?