• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 14:33

Қонаевта медициналық кампустың құрылысы қашан басталады?

10 рет
көрсетілді

Инвесторлық жобаны жүзеге асыруға «Жаңа Іле» аумағынан 100 га жер бөлінген. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр. Құрылыс биыл басталады деп жоспарланған. Бұл туралы қала әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz. 

Медициналық кампус тек ЖОО емес, 60 мың студентке арналған қалашық болмақ.

Қала әкімімен кездесу барысында жобаның толық таныстырылымы жасалды.

Кампус салуға 2 млрд доллар инвестиция тартылып, 5 жыл ішінде толық жүзеге асады. Нысан аумағында жатақхана, 1000 орындық аурухана, клиника, оқу корпусы салынады. Нәтижесінде 3800-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылады.

Ақтоғай ауданында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді

Жоба жетекшілерінің пікірінше, университет өңірдің дамуына серпін беретін негізгі орталықтардың біріне айналуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Жаңаталап ауылында жаңа медициналық пункт ашылғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар