• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тұлға Бүгін, 08:00

Жұлдыздай жарқ еткен қаламгер

10 рет
көрсетілді

Жалынды публицист, ержүрек жауынгер Баубек Бұлқышев – қазақ аспанында жұлдыздай жарқ еткен тұлғалардың бірі. 1939 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, «Октябрь балалары» (бүгінгі «Ұлан») газетінің бөлім меңгерушісі қызметін атқарып жүргенде 1940 жылы әскер қатарына шақырылады.

Мәскеуде сапер учи­­лищесінде оқи­ды. Екінші дүние­жүзілік соғыста оқ пен оттың ортасында жүріп, «Тыңда, Кавказ», «Мен өмір сүргім ке­леді», «Шығыс ұлына хат» атты азаматтық рух­қа толы жалынды дүниелер жазады. Қазақ және орыс тілінде жетік жазатын жас қаламгер­дің мақалалары «Со­циалистік Қазақстан», «Комсомольская правда» газеттерінде жарық көрген. Майдан даласында қаламымен де, қаруымен де күрескен Баубек 1944 жылы қаза табады.

Қайсар қаламгер, жалынды жауынгердің туған жері Ұлытау ауданында Баубек Бұл­қышевтің 110 жылдығына арналған мәдени іс-шара ұйым­дастырылды. Аудан орта­лығында орналасқан Бау­бек Бұлқышев пен Мұқан Иманжанов ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды.

Аудандағы «Ұлытау» сапар орталығында Баубек Бұлқышев­қа арналған «Тау ұлы» тақырыбын­да көр­ме ұйымдастырылды. Дөң­ге­лек үстел басында Баубек Бұлқы­шев­тің ұрпағы, Аман­гелді ауылы­ның тұрғыны Қанат Бай­сал­беков, Ұлытау тарихи-мә­дени және табиғи қорық-музейі­нің бас­шысы Ғалым Оспанов, ­аудан­дық тарихи-өлкетану музейі­­нің қызметкері Нұрсұлу Рай­мо­ва қаламгердің соңында қалған мұрасын арқау еткен баяндама жасады.

Баубек Бұлқышевтің өмірі мен шығармашылығынан бейнеролик көрсетілді.

 

Ұлытау облысы