• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 13:42

Пойызда жолаушы өзін жайсыз сезінсе не істеу керек?

10 рет
көрсетілді

Ұзақ сапарда адамның жағдайы күрт нашарлауы мүмкін. Осындай сәтте абдырамай, дұрыс әрекет ету жолаушының өзіне де, айналасындағыларға да қауіпсіз. Осыған байланысты Жолаушылар тасымалы пойыз ішінде көмек көрсету тәртібін еске салды, деп жазады Egemen.kz.

Компания мәліметінше, барлық жолаушылар пойыздарының жолсеріктері алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша арнайы даярлықтан өткен, ал әр құрам медициналық қобдишамен толық жабдықталған. Сондықтан денсаулыққа қатысты күтпеген жағдай туындаса, ең әуелі жолсеріктің көмегіне жүгінген жөн.

25% және 33% жеңілдік: Зейнеткерлер мен жастар үшін пойыз билеті арзандайды

Жол үстінде жолаушы өзін жайсыз сезінген жағдайда алдымен вагон жолсерігіне дереу хабарлау қажет. Жолсерік жолаушының жағдайын бағалап, өз құзыреті шеңберінде алғашқы көмек көрсетеді. Егер қосымша шара керек болса, ол пойыз бастығын хабардар етеді. Пойыз бастығы медициналық қызметтермен байланыс орнатып, жағдайға сай шешім қабылдайды.

Шұғыл жағдай туындаған кезде жедел жәрдем шақырылады. Қажет болса, пойызды жақын станцияда медицина қызметкерлері қарсы алады немесе белгіленген тәртіпке сай жоспардан тыс тоқтау жасалуы мүмкін. Мұндай шешім жолаушының өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында қабылданады.

Пойыздар мен ұшақтарда интернет қашан пайда болады?

Ұлттық тасымалдаушы созылмалы ауруы бар жолаушыларға жеке дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруді және ықтимал қауіптер туралы жолсерікті алдын ала ескерткен дұрыс екенін атап өтеді. Бұл күтпеген жағдайдың алдын алып, көмек көрсетуді жеделдетеді.

Пойыздарда төтенше жағдайлар тек денсаулықтың нашарлауымен шектелмейді. Пойыз бригадаларының тәжірибесінде түрлі оқиғалар кездеседі, оның ішінде сапар барысында босану жағдайлары да бар. Соңғы үш жылда ұлттық тасымалдаушы пойыздарында жолсеріктер мен пойыз бастықтарының қолдауымен шамамен 15 сәби дүниеге келген.

Пойызда босанған жолаушы жолсерікке бір жылдан соң алғысын білдірді

Компания жолаушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығы әрдайым басты назарда екенін айтады. Осы орайда жолаушыларды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, қажет кезде қысылмай көмек сұрауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар