Атырау облысында қаңтардан бері автокөлік өртіне қатысты 14 дерек тіркелді. Бұл былтырғы көрсеткіштен 40 пайызға көп, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Бағдат Абдуллиннің айтуынша, өрттің негізгі себебі адам факторымен байланысты болып отыр.
Ақтөбедегі автогаз бекетінде көлік өртеніп кетті
«Автокөлік өрті екі себептен туындайды. Біріншісі – өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамау. Екіншіден, бұған электр жабдықтарындағы ақау ықпал етеді. Осындай өрттің алдын алу мақсатында полиция қызметкерлерімен бірге, газ құю бекеттерінде, техникалық қызмет көрсету орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Рейд кезінде 400-ден астам автокөлік иесіне қауіпсіздікті сақтау талабы түсіндірілді. LED-экрандарда, аудандық әкімдіктердің әлеуметтік желілерінде бейнероликтер көрсетілді», дейді Бағдат Абдуллин.
Ақтөбеде 10 жастағы қыз көлік ішінде өртеніп кетті