• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:42

Артур Ластаев: Сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға да, баспанадан шығаруға да жол берілмейді

10 рет
көрсетілді

Жаңа Конституция жобасында тұрғын үйге қатысты құқықтарды конституциялық деңгейде күшейту ұсынылды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев сот шешімінсіз азаматты тұрғын үйден айыруға да, баспанадан шығаруға да жол бермеу қағидатын Ата заңда нақты бекіту қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Артур Ластаевтың пікірінше, тұрғын үй құқығы – адамның іргелі құқықтарының бірі. Ол бұл ұстаным Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіде бекітілгенін еске салды. Сондықтан баспананы тек мүліктік санат ретінде қарастыру – қате көзқарас.

«Адам үшін ең маңыздысы не? Ол ешбір себепсіз баспанасынан қуылып кетпейтініне сенімді болғысы келеді. Конституцияда тұрғын үй құқығын қорғау кепілдіктерін бекіту еліміздің әлеуметтік әрі құқық қорғау сипатын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұлжытпай сақталатынын айғақтайды. Бұл біз үшін аса маңызды. Өйткені мемлекет рәміздер үшін емес, оның құрамындағы әрбір адам үшін өмір сүреді. Адамға бағдарлану биліктің әрбір шешімі мен іс-әрекетінен көрініс табуы тиіс», деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы: Жаңа Конституция жобасы еңбек адамдарының тілегімен үндеседі

Ластаев жаңа Конституция жобасы қоғамның нақты сұраныстарын ескеретінін, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың орнықты әрі ашық жүйесін қалыптастыратынын атап өтті. Оның айтуынша, тұрғын үйге қатысты дауларды шешуде соттың айрықша рөлі нақты көрсетілуі тиіс.

«Баспанада тұруға және одан шығаруға қатысты дауларды тек сот шешуі тиіс. Сондықтан Конституцияда келесідей норманы бекіту ұсынылады: сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға да, баспанадан шығаруға да жол берілмейді. Біреулер бұл қолданыстағы заңдарда онсыз да бар деп айтуы мүмкін. Бірақ бұл қағиданы негізгі құқықтық құжатта бекіту оның заңды тұрақтылығын қамтамасыз етеді», деп түйіндеді ол.

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, жаңа Конституция жобасы азаматтардың күнделікті өмірде кездесетін жағдайларын ескере отырып әзірленген. Құжат адамның қадір-қасиетін қорғауға, әділеттілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

«Жаңа Конституция жобасы азаматтар күнделікті өмірде бетпе-бет келетін жағдайларды ескереді және адамның негізгі құқықтарына нұқсан келтіруі мүмкін шешімдердің алдын алуға бағытталған. Жүргізілген жұмыстың нәтижелері мен талқылаудың ауқымын ескере отырып, ұсынылған жоба азаматтардың мүдделерін көрсететін әрі олардың күтулеріне сай келетін құжат ретінде жалпыұлттық референдумға шығарылып, қолдау таба алады», деді Артур Ластаев.

Сонымен қатар жаңа Ата заңда адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында көшіру қажет болатын жағдайлар да қарастырылған. Алайда мұндай жағдайда да барлық рәсімдердің қатаң сақталуына және азаматтың сот арқылы қорғану құқығына толық кепілдік берілуі тиіс.

«Ардагерлер ұйымы» жаңа Конституция жобасын қолдады

Соңғы жаңалықтар