• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Дін Бүгін, 17:25

Биыл пітір садақа мөлшері қанша теңге?

20 рет
көрсетілді

Биыл қасиетті Рамазан айы 19 ақпан күні басталады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) осыған орай пітір мөлшерін 735 теңге көлемінде бекітті, деп жазады Egemen.kz.

ҚМДБ мәліметінше, пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелген. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыстардағы өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталған. Басқарма пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болатынына назар аударған.

2026 жылғы пітір садақаның бағасы нарықтық орташа бағамен есептеліп төмендегідей бекітілді:

Бидай 2 кг – 318 теңге;

Ұн 2 кг – 735 теңге;

Арпа 4 кг – 514 теңге;

Мейіз 2 кг – 6400 теңге;

Құрма 4 кг – 12400 теңге.

2026 жылғы Ораза кестесі жарияланды

«Қазір бидайдың өзі емес, ұн, талқан секілді оның өнімдері кең қолданылады. Сол себепті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пітір садақаның құнын ұнмен есептеуді негізге алады. Өйткені шариғатта бидаймен қатар оның өнімдерімен де пітір садақа беруге рұқсат етіледі. Пітір садақаны берудің уәжіп уақыты айттың бірінші күні. Оны Рамазан айының бірінші күнінен бастап беруге болады. Уақытында бере алмаған жағдайда айт намазынан кейін берсе де болады. Алайда пітірді айт намазына дейін беру – мұстахаб», делінген ҚМДБ таратқан хабарламада. 

ҚМДБ ауқатты адамдар пітір садақаны 2 келі мейізбен (6400 теңге) немесе 4 келі құрмамен (12400 теңге) бергені жақсырақ екенін қаперге салған. 

Биыл Ораза 19 ақпанда басталады

«Підия мөлшері – бір адамның күнделікті (таңғы және кешкі) тойып ішетін асы. Оның биылғы мөлшері 4000 (төрт мың) теңге болып бекітілді. Бұған шамасы келмегендер оразаның әр күніне пітір садақасының құнын береді», деді ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы.

Соңғы жаңалықтар