• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 09:40

Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі қанша жыл?

50 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қорытынды жобасы жарияланды. Жобаның 53-бабында Құрылтайдың өкілеттік мерзімі көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасының Құрылтайы – заң шығару билігiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары өкiлдi органы. Құрылтайдың өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған кезден басталады және жаңадан шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясының жұмысы басталған кезде аяқталады. Құрылтайдың өкілеттігі Конституцияда көзделген жағдайда және белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Құрылтайдың ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңда айқындалады», деп жазылған Конституцияда.

Сондай-ақ құжатта Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі 5 жыл болатыны жазылған.

«Құрылтай біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорциялы өкілдік жүйе негізінде конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын бір жүз қырық бес депутаттан тұрады. Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл», делінген Ата заң жобасында.

Еске салайық, бүгін жаңа Конституцияның қорытынды жобасы жарияланды.

Ата заң түпнұсқасы тұңғыш рет мемлекеттік тілде дайындалды

 

Соңғы жаңалықтар