• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 10:10

Қолданыстағы Конституцияның күші қашан жойылады?

50 рет
көрсетілді

Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы сол мезгілден бастап тоқтатылады. Бұл туралы бүгін жарияланған Конституция жобасының 94-бабында жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы сол мезгілден бастап тоқтатылады», делінген құжатта.

Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланады.

Президенттің кезекті сайлауы: Өкілеттік мерзімі және дауыс беру ережесі нақтыланды

Сондай-ақ құжатта Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі 5 жыл болатыны жазылған.

Соңғы жаңалықтар