Жаңа Конституция жобасы бойынша дауыс беру кестесі бекітілді. Орталық сайлау комиссиясы референдум нәтижелерін дауыс беруден кейін 7 күннен кешіктірмей жариялауы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.
12 ақпаннан 14 наурызға дейін сайлауалды үгіт-насихат өтеді. 21 ақпанда аумақтық және учаскелік комиссиялардың құрамдары, сондай-ақ референдум учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтер жарияланады; 22 ақпанда референдум комиссияларына дауыс беруге арналған тізімдер ұсынылады; 27 ақпаннан 4 наурызға дейін азаматтарға қайда және қашан дауыс бере алатыны туралы ресми түрде хабарланады. 14 наурыз – тыныштық күні. Бұл күні үгіт-насихат жүргізілмейді. 15 наурыз – дауыс беру күні. Сайлау учаскелері таңғы 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін ашық болады.Еске салайық, Мемлекет басшысы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды.
Бүгін Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы жарияланды.