• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ата заң Кеше

Ерлан Саиров: Жаңа Конституция жобасында мемлекеттің саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін тетіктер қарастырылды

10 рет
көрсетілді

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының алғашқы жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Депутаттың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келген күннен бастап елімізді  одан әрі демократияландыру ісін айқындағанын атап өтті.

«Президент плюрализмді дамытуға ықпал етуді өз міндеті санайтынын айтқан еді. Бұл саяси ұстаным бүгінге дейін дәйекті түрде жүзеге асырылып келеді. Еліміздегі саяси жүйені жетілдірудің салмақты әрі эволюциялық жолы нақты нәтиже беріп отыр. Бұл құжатта биліктің халық алдындағы жауапкершілігі айқын көрініс тапты», деді Ерлан Саиров.

Депутат саяси даму мен экономикалық серпін тұрақтылықпен тікелей байланысты екенін атап өтті.

Оның пікірінше, геосаяси тұрақсыздық жағдайында мұндай конституциялық негіз ерекше маңызға ие. Депутат жаңа құжатта Қазақстан Ұлы Дала өркениетінің мұрагері екені алғаш рет белгіленгенін атап өтті. Сонымен қатар ол әлемдік конституционализм тарихынан мысал келтіре отырып, заңның, ең алдымен бүгінгі буынның мүддесіне қызмет етуі керек екенін еске салды. Ерлан Саировтың айтуынша, жаңа Конституция жобасы өскелең ұрпақтың саяси мүддесі тұрғысынан жазылған.

Жаңа Конституция жобасы бойынша референдумға қанша қаражат жұмсалады?

Еске сала кетейік, бүгін Астанада Конституциялық реформаны қолдау мақсатында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» деп аталатын жалпыұлттық коалициясы құрылды. Оның құрамына еліміздегі саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, депутаттар, зиялы қауым өкілдері, жастар бірлестіктері, кәсіподақ ұйымдары және тағы басқалар кірді.

Жаңа Конституцияны қолдайтын Жалпыұлттық Коалиция құрылды

Соңғы жаңалықтар