Брюссельде өткен жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша ұлттық құрама 2026-2027 жылғы УЕФА Ұлттар лигасында С лигасының 3-тобында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық құраманың қарсыластары:
- Словакия
- Фарер аралдары
- Молдова
Топтық кезеңде әр команда алты матч өткізеді: үшеуі өз алаңында, үшеуі сырт алаңда.
Ойындар 2026 жылдың қыркүйегінде басталып, қыркүйек, қазан, қараша айларындағы халықаралық терезелерде өтеді.
Футболдан әлемдік рейтинг жарияланды: Қазақстан нешінші орында тұр?
Бұған дейін Халықаралық футбол федерациясы наурыз айында өтетін FIFA Series-2026 турнирінің кестесін бекіткенін жазған едік. Шағын турнир 25-28 наурыз күндері елордадағы Астана арена стадионында өтеді. Ұлттық құрама Комор аралдары құрамасына қарсы ойнайды.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды