Taza.kz

# Футбол

Футбол • Бүгін, 17:28

Әлем чемпионаты: ФИФА Иран құрамасына қатысты шешім қабылдады

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Иран ұлттық құрамасына 2026 жылғы әлем чемпионаты кезінде дайындық базасын Мексикаға көшіруге рұқсат берді. Бастапқы жоспар бойынша команда АҚШ аумағында орналасуы тиіс еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футбол • Бүгін, 14:53

Ұлттық құрама: Дастан Сәтпаев маусым айында өтетін жолдастық кездесулерде алаңға шыға ма?

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Армения және Мажарстан құрамаларына қарсы жолдастық кездесулерге шақырылған футболшылардың нақты тізімін жариялады. Қорытынды құрамға 25 ойыншы енді. Тізімде жастар арасынан көзге түсіп жүрген Дастан Сәтпаев пен Темірлан Анарбеков те бар, деп жазады Egemen.kz.

Футбол • 22 Мамыр, 2026

Роналду «Аль-Наср» сапындағы алғашқы жүлдесін жеңіп алды: Клуб Сауд Арабиясы лигасының чемпионы атанды

Сауд Арабиясы чемпионатының соңғы турында Криштиану Роналду бастаған «Аль-Наср» клубы өз алаңында Дамак командасын 4:1 есебімен жеңіп, алты жылдан кейін ел чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футбол • 21 Мамыр, 2026

Мануэль Нойер бесінші рет әлем чемпионатына қатысады

«Бавария» клубының қақпашысы Мануэль Нойер биылғы әлем чемпионатына қатысатын Германия құрамасының тізіміне енді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футбол • 21 Мамыр, 2026

«Астон Вилла» алғаш рет Еуропа лигасының чемпионы атанды

«Астон Вилла» Еуропа лигасының жеңімпазы атанып, Англия клубтарының рекордын жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футбол • 20 Мамыр, 2026

Килиан Мбаппе «Челси» сапына ауысуы мүмкін

«Челси» клубы «Реал Мадрид» шабуылшысы Килиан Мбаппені өз қатарына қосуға мүдделі. Лондондық клубтың жаңа бас бапкері Хаби Алонсо француз форвардын «Стэмфорд Бриджде» көргісі келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футбол • 20 Мамыр, 2026

«Арсенал» 22 жылдан кейін алғаш рет Англия чемпионы атанды

«Арсенал» мерзімінен бұрын Англия Премьер-лигасының 2025-2026 жылғы маусымының чемпионы атанды. Лондондық клубтың басты қарсыласы «Манчестер Сити» чемпионаттың алдыңғы турында «Борнмут» командасымен тең түсіп, чемпиондыққа таласу мүмкіндігінен айырылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футбол • 19 Мамыр, 2026

Футболдан Әлем чемпионатын қайдан көруге болады?

Үш аптадан соң футбол жанкүйерлері асыға күткен Әлем чемпионаты басталады. Ала доп аламанын отандық жанкүйерлер тікелей эфирде тамашалай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футбол • 19 Мамыр, 2026

Анчелотти Неймарды әлем чемпионатына баратын құрамға қосты

Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. Құрама сапына «Сантос» шабуылшысы Неймар да енді, деп жазады Egemen.kz.

Соңғы жаңалықтар
Фото
Яндекс.Метрика