Фото: Ашық дереккөз
Іс-шараларды өткізу кезінде арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ Қарулы күштердің ресурстары, оның ішінде әскери авиация мен техника пайдаланылатын болады. Сонымен қатар осы күндері Қорғаныс министрлігінің жойғыш авиациясы Астана аспанында ұшып өтеді.
«Маңызды халықаралық деңгейдегі іс-шара кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына тұрғындар мен қала қонақтарының түсіністікпен қарауын сұраймыз», делінген Мемлекеттік күзет қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, 27-29 мамыр аралығында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді.
Келіссөздер барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтудың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылайды.
28 мамыр күні Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.
29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы жоспарланған.