Фото: Ашық дереккөз
Естеріңізге сала кетсек, биылғы наурыз айының соңында әлеуметтік желіде тараған бейнежазба қоғамның наразылығын тудырған еді. Бейнеүзіндіде әйел адамның байлаулы тұрған итті күрекпен аяусыз ұрып жатқан сәті таспаланған. Сот оны жануарға қасақана қатыгездік көрсетіп, ауыр жарақат салғаны үшін кінәлі деп таныды.
Жануарларға қатыгездік көрсеткендер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Ветеринар мамандардың қорытындысына сәйкес, Герда есімді иттің денесінде көлемді гематомалар, жұмсақ тіндердің ісінуі және өзге де жарақаттар анықталған. Сарапшылар жануардың жағдайын орташа ауыр деңгейде деп бағалаған.
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Сот барысында әйел кінәсін жартылай мойындап, жазаны жеңілдетуді сұрады. Үкім шығару кезінде сот оның материалдық жағдайын және кәмелетке толмаған бала тәрбиелеп отырғанын ескерді. Нәтижесінде әйелге 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.
Жануарларды қорғау және қоғам қауіпсіздігі: Қаңғыбас иттердің шабуылына қалай тосқауыл қоямыз?