Фото: Ашық дереккөз
Африка елдерінде волонтерлік қозғалысты дамытуға және халықаралық байланысты арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Атаулы жыл аясында Мароккода «Chantiers Jeunesse Maroc» ұйымы волонтерлерге арналған ұлттық оқыту сессиясын өткізді. Елдің әр өңірінен жиналған қатысушылар көшбасшылық, жобаларды басқару және әлеуметтік бастамалар төңірегінде пікір алмасты.
Ал Сенегалда «Dakar 2026 Youth Olympic Games» ойындарына дайындық шеңберінде балаларға арналған іс-шара өтті. Волонтерлердің қатысуымен ұйымдастырылған спорттық және танымдық бағдарламалар жастарды ортақ іске жұмыла білуге бағыттап, салауатты өмір салтының маңызын дәріптей түсті. Аталған іс-шаралар Халықаралық волонтерлер жылы – 2026 бастамасының волонтерлік мәдениетті нығайту мен тұрақты даму құндылықтарын ілгерілететін жаһандық алаңға айналып келе жатқанын айқындады.
Айта кетейік, БҰҰ Бас Ассамблеясы 2026 жылды тұрақты даму мақсатында Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялаған болатын.
Бұған дейін Ирландияда Халықаралық волонтерлер жылы аясында «26 for 26» акциясы басталғаны туралы жаздық.