Фото: Ашық дереккөз
Көрермен футболдан XXIII Әлем чемпионатының матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары арқылы тікелей эфирде көре алады. Сонымен қатар ойындар qazaqstan.tv, qazsporttv.kz ресми сайттарында, «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасында және «Birge.tv» платформасында онлайн форматта қолжетімді болады.
Сонымен бірге трансляциялармен қатар бір ай бойы ойын алдындағы арнайы студиялық бағдарламалар көрсетіледі. 11 маусымнан бастап «Қазақстан» телерадиокорпорациясының түсірілім топтары Әлем чемпионаты өтетін қалалардан тікелей репортаждар жасап, эфирге қосылады.
Айта кетейік, биылғы жылы әлем біріншілігі тарихта алғаш рет бірден үш мемлекетте – АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Турнир 16 қалада ұйымдастырылып, додаға алғаш рет 48 ұлттық құрама қатысады. Жалпы жарыс аясында 104 матч өткізу жоспарланған.
48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?
Айта кетейік, Әлем чемпионатында Астана клубының жартылай қорғаушысы Иван Башич Босния және Герцеговина ұлттық футбол құрамасы сапында өнер көрсетеді.