Фото: Бейнежазбадан
Бейнежазбада көрсетілгендей, жүргізуші қатысушыларға сұрақ қойып, олардан орынсыз сөзді қайталауды сұраған. Іс-шара кезінде кейбір қатысушылар балағат сөздер қолданып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.
Осы дерек бойынша Медеу ауданы полиция басқармасы әкімшілік іс қозғап, іс ұйымдастырушыға қатысты «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша жауапкершілік қарастырған
«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушыға 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды», делінген хабарламада.
Полиция департаменті кез келген бұқаралық іс-шаралар заң талаптары мен қоғамдық тәртіп ережелерін сақтай отырып өткізілуі тиіс екенін ескертті.
Еске сала кетейік, бұған дейін домбыраны «харам» деп атаған ақтөбелелік тұрғынның қамалғанын жазған едік.