Түркістан облысының ескек есу және желкенді спорт қауымдастығының өкілі Индира Бектенова 2026 жылы Жапонияда өтетін ХХ жазғы Азия ойындарына ресми шақырту алды. Ол байдарка мен каноэде есу спортынан халықаралық техникалық төреші (ITO) ретінде қызмет атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы Олимпиада: Бүгін Михаил Шайдоров еркін бағдарламада өнер көрсетеді
Айта кетейік, ХХ жазғы Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Жапонияның Нагоя қаласы мен Айти префектурасында өтеді. Жарыс бағдарламасына 41 спорт түрі енген, онда 460 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.