• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 17:37

Автокөлік жолдарының жай-күйіне бақылау жүргізілді

10 рет
көрсетілді

Қыс мезгілінде Ақтөбе облысы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарына 684 тексеру жүргізді. Рейд барысында  жолдардың қардан уақтылы тазартылмауы,  көктайғаққа қарсы  инерттік материалдардың себілмеуі, жол белгілерінің көрінбеуі, жол ортасындағы ойықтар мен терең шұңқырлар, асфальт жамылғысының бұзылуы сияқты кемшіліктер  анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша кемшіліктерді тез арада жою жөнінде жауапты мекемелерге 410 нұсқама берілді.

Сонымен қатар автомобиль жолдарын талапқа сай күтіп-ұстамаған 66 заңды және лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Қыс мезгілінде жолдарды тазалауға, көктайғақтың алдын алу шараларын іске асыру мен жол тазалайтын техниканың сақадай сай болуына ерекше назар аударылады. Қабылданып жатқан шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көлік жүргізушілері мен жолаушылардың қауіпсіздігін сақтауға бағытталған. Алдағы уақытта  жол учаскелерін тексеру жұмыстары жалғаса береді», дейді Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Еркін Өтеген.

 

Соңғы жаңалықтар