• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 09:40

Тараздағы тасқын қаупі: ТЖМ мен әкімдік шұғыл іске кірісті

10 рет
көрсетілді

Тараз қаласында қалың қар жауғаннан кейін су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында инженерлік тазарту жұмыстары ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.

ТЖМ әскери қызметшілері мен құтқарушылары жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, қардың еруіне байланысты су басу қаупін азайту бойынша іс-шаралар жүргізді.

«Тұрғын жай секторындағы еріген судың аула аумақтарына кіруіне жол бермеу үшін құм толтырылған қапшықтар төселді. Сонымен қатар аула аумақтары судан, еріген қар суының кедергісіз ағуы үшін арық жүйелері тазартылды», делінген ТЖМ хабарламасында.

Алдын алу шаралары су тасқыны қаупін төмендетуге, тұрғындардың мүлкін қорғауға және көктемде қалалық инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

Биыл Жамбыл облысында 76 канал жөнделеді

Айта кетейік, 12 ақпан күні Жамбыл облысында ауа райы күрт бұзылып, қалың қар түсті. Аймақтың коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс тәртібіне ауысып, тасжолдарды қысқы жағдайда күтіп ұстауға 21 мердігерлік ұйым тартылып, 178 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Жамбыл облысында үш ауысымды мектеп мәселесі шешілді

Соңғы жаңалықтар