«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
2026 жылғы 16 ақпан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша келесі жол учаскелерінде барлық көлік түрлеріне қозғалыс ашық:
Батыс Қазақстан облысы«Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолы, 393-526 км (Жымпиты ауылы – Ақтөбе облысының шекарасы).
Ақтөбе облысы«Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолы, 526-702 км (БҚО шекарасы – Маржанбұлақ ауылы);
«РФ шекарасы – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Алматы – ҚХР шекарасы» автожолы, 776-965 км (ЭКО ОЙЛ жанармай құю бекеті – Қарабұтақ ауылы);
«Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы өткізу пункті)» автожолы, 104-337 км (Қандыағаш қаласы – Атырау облысының шекарасы).
Атырау облысы«Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы өткізу пункті)» автожолы, 337-346 км (Ақтөбе облысының шекарасы – Сағыз ауылы).
Жабық жолдарҚолайсыз ауа райына байланысты кейбір республикалық автожол учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді:
Ақтөбе облысы«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолы, 965-1240 км (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысының шекарасы).
Алматы облысында бес көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды Қызылорда облысыАталған автожолдың 1240-1362 км аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Арал қаласы).
Жетісу облысы«Үшарал – Достық – ҚХР шекарасы» автожолы, 84-164 км (Көктұма станциясы – Достық станциясы).
Павлодар облысы«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жол айрығы маңында (Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығу). Шектеу көлік айрығының арқалық құрылымдарының зақымдануына байланысты енгізілген.
Шығыс Қазақстан облысыОсинов асуында (46-66 км, Северный ауылына бұрылыс – Серебрянск қаласына бұрылыс) 2024-2025 жылғы қысқы кезеңде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылған.
Қазақстанның бірқатар облыстарында дауылды ескерту жарияланды
Жүргізушілерге жолға шықпас бұрын бағыт бойынша ақпаратты нақтылап, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау ұсынылады.
Автокөлік жолдарының жай-күйіне бақылау жүргізілді