Жапония елшілігі Астанада Жапонияның 126-шы императоры Нарухитоның туған күніне арналған салтанатты қабылдау өткізді. Онда қатысушылар жапон халқының мәдениетімен кеңінен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Екі елдің әнұрандары шырқалған соң, Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ииджима Ясумаса мен Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев сөз сөйлеп, қазақ-жапон байланысына тоқталды.
«Өткен жыл Жапония мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың жаңа белеске көтерілген кезеңі болды. Жоғары деңгейдегі кездесулер мен өзара сапарлар екі ел арасындағы ынтымақтастықты бұрынғыдан да тереңдете түсті. Бұл өзара сенімге негізделген стратегиялық серіктестігіміздің айқын көрінісі. «Орталық Азия + Жапония» форматындағы алғашқы Көшбасшылар саммитінің сәтті өткенін ерекше атап өткен жөн. Біз өңірдің дербес, бейбіт әрі орнықты дамуын қолдаймыз. Жапонияның тәжірибесіне, технологиясына және адам қауіпсіздігі қағидаттарына сүйене отырып, өңірдің экономикалық және әлеуметтік өркендеуіне алдағы уақытта да өз үлесімізді қосуды жалғастырамыз», деді Елші.
Жапонияда жауған қалың қар салдарынан 40-тан астам адам қаза тапты
Салтанатты қабылдауға арнайы келген Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев қатысушыларды Жапонияның Ұлттық күні – Императордың туған күнімен құттықтап, Жапония еліміздің маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі екенін айтап өтті.
Бұдан соң, іс-шараға қатысқан шетелдік дипломаттар, еліміздің мемлекеттік органдар, мәдени орта мен БАҚ өкілдері «Кагамивари» деп аталатын жапонның ұлттық сакесі құйылған бөшкені жару салтанатына куә болды.
Түркістан облысының өкілі Жапониядағы ХХ Азия ойындарында төрелік етеді
Император Нарухито 1960 жылы 23 ақпанда Токиода дүниеге келген. Ол таққа 2019 жылдың 1 мамырында отырған. Мұрагер болып жарияланбас бұрын ол Хиро-но-мия атағын иемденді.1989 жылы 7 қаңтарда атасы Хирохитоның қайтыс болуымен ол тақтың мұрагері болды. Қайырымдылықпен айналысады.
Жалпы Жапония Императоры мемлекет және халық бірлігінің символы ретінде құрметтеледі және ұлттық тұтастықты, үйлесімділік пен тұрақтылықты нығайтуда маңызды рөл атқарады.
Жапонияны мойындатқан Ерсін Балтағұл балуандарға әдіс-тәсілдерін көрсетті