Қаңтар айында елдегі жылдық инфляция 12,2%-ды құрады. Бұл 2025 жылғы желтоқсандағы 12,3%-бен салыстырғанда аздап төмен. Баға серпіні өңірлер бойынша біркелкі емес, деп жазады, Egemen.kz.
Ресми дерекке сәйкес, жылдық инфляция 11 өңірде баяуласа, 8 өңірде жеделдеді, ал тағы 1 өңірде бұрынғы деңгейде қалды.
Азық-түлік тауарларының бағасы қаңтарда жылдық мәнде 12,9%-ға өсті. Желтоқсанда бұл көрсеткіш 13,5% еді. Ең жоғары өсім Ұлытау облысында тіркелді – 16,2%. Ал ең төмен өсім Ақтөбе облысында байқалды – 11,3%.
Инфляциямен күрес: Үкіметтің негізгі қадамдары қандай?
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны керісінше үдей түсті. Қаңтар қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш жылдық мәнде 11,7%-ға жетті. Желтоқсанда 11,1% болған. Ең жоғары мән Ақмола облысында тіркелді – 13,4%. Ең төмен көрсеткіш Батыс Қазақстан облысына тиесілі – 8,0%.
Мемлекет басшысы: Инфляцияны ойға қонымды деңгейге түсіру қажет
Ақылы қызметтер бағасының жылдық өсімі қаңтарда 12,0% деңгейінде сақталды. Бұл сегментте Маңғыстау облысындағы өсім республикалық орташа деңгейден төмен – 9,0% шамасында қалыптасты.
Инфляцияны тежеу тетіктері
Айлық мәнде алғанда, қаңтарда инфляция 1,0%-ға өсті.