«Қазгидромет» 18 ақпанда Қазақстанның 17 облысында және Астана қаласында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 ақпанда түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Күндіз де жауын-шашын жалғасады. Көктайғақ болып, күндіз жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысыТүнде батысы мен солтүстігінде, күндіз облыстың көп бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні кей аудандарда 23-28 м/с-қа дейін жетеді.
Павлодар облысыБатысы мен солтүстігінде жауын-шашын, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.
Ауа райына байланысты бірқатар облыста жолдар жабылды
Атырау облысыБатыс, оңтүстік және шығыс бөлігінде тұман мен көктайғақ күтіледі.
Абай облысыКүндіз батысы мен орталығында жауын-шашын, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.
Қостанай облысыТүнде және күндіз кей аудандарда жауын-шашын, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с болады.
Маңғыстау облысыБатысы, солтүстігі мен орталығында тұман түседі.
Түркістан облысыКей өңірлерінде, әсіресе таулы аймақтарда тұман түседі. Тауда жел 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысыТұман және көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысыСолтүстігі мен шығысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Астанада наурыз айында ауа райы қандай болады?
Қызылорда облысыКей жерлерде тұман түседі. Оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Ақтөбе облысыСолтүстігі, батысы мен шығысында жауын-шашын, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Жел екпіні 15-20 м/с болады.
Ұлытау облысыКүндіз кей аудандарда жауын-шашын, жаяу бұрқасын күтіледі. Тұман мен көктайғақ болуы мүмкін.
Қарағанды облысыБатысы мен солтүстігінде жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с болады.
Жаңатастағы жойқын дауыл
Солтүстік Қазақстан облысыҚар, жаңбыр, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.
Жамбыл облысыКей уақытта тұман түседі. Таулы аудандарда жел 15-20 м/с-қадейін күшейеді.
Жетісу облысыТаулы аймақтарда тұман болады. Алакөл маңында желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Алматы облысыШығыс және орталық бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с болады.
Елдің басым бөлігінде жауын-шашын, көктайғақ, тұман және екпінді жел күтіледі. Тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты сақ болу ұсынылады.