• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:49

Бүгін қай өңірлерде жолдар жабық тұр?

0 рет
көрсетілді

18 ақпан сағат 08:30-дағы жағдай бойынша республикалық маңызы бар бірқатар автожолда қозғалысқа рұқсат берілді. Алайда ауа райының күрт нашарлауына байланысты кей бағыттарда шектеу әлі де бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ашық жолдар Ақмола облысы

«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 30-92 км аралығы (Жібек жолы ПВП – Қарағанды облысының шекарасы).

Қарағанды облысы

«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 92-164 км аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Теміртау ПВП).

Ақтөбе облысы

«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» тасжолы, 0-77 км аралығы (Жайсан бекеті – «EKO oil» жанармай құю станциясы).

«Ақтөбе – РФ шекарасы (Әлімбет өткізу пункті)» жолы, 39-136 км аралығы (Ш. Қалдаяқов ауылы – Әлімбет бекеті).

 Жабық жолдар Солтүстік Қазақстан облысы

«Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» жолы, 367-473 км аралығы (Келлеровка – Бескөл).

«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» жолы, 407-429 км аралығы (Ақмола облысы шекарасы – Чистополье ауылы).

Ауа райына байланысты бірқатар облыста жолдар жабылды

Ақмола облысы

«Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» жолы, 18-232 км аралығы (Астана – Щучинск).

Ақтөбе облысы

«Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» жолы, 0-234 км аралығы.

«Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» жолы, 11-337 км аралығы.

«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ– Қызылорда – ҚХР шекарасы» жолы, 965-1240 км (Қарабұтақ – Қызылорда облысы шекарасы).

Астанада наурыз айында ауа райы қандай болады?

Қызылорда облысы

Магистральдің 1240-1362 км аралығы (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).

Қостанай облысы

«Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» жолы, 234-385 км (Ақтөбе облысы шекарасы – Денисовка кенті).

Атырау облысы

«Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау– РФ шекарасы» жолы, 337-346 км (Сағыз ауылы маңы).

Павлодар облысы

«Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы» жолы, 0-263 км.

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» жолындағы «Қалқаман» жол айрығы (көпір құрылымының зақымдануына байланысты).

Шығыс Қазақстан облысы

Осинов асуында (46-66 км) 2024-2025 жылғы қыс мезгілінде тіркемелі және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылған.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер елдің 17 өңірі мен Астанада ауа райына байланысты ескерту жариялаған болатын. Жүргізушілерге жолға шықпас бұрын ахуалды нақтылап, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі.

Соңғы жаңалықтар