Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылы 170 мыңнан астам адам жұмыс орнын өзгертуді көздейді. Негізгі себеп – жалақының төмендігі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауалнамаға қатысқандардың 72,5 мыңы (яғни 41%) табыстың аздығын басты фактор ретінде атаған. Салыстырмалы түрде алғанда, еңбек жағдайының қолайсыздығына байланысты жұмыстан кеткісі келетіндер 11% ғана. Бұл көпшілік үшін жұмыстың қиындығынан гөрі табыс көлемі маңызды екенін көрсетеді.
Сонымен қатар респонденттердің 26%-ы (шамамен 46 мың адам) өз мамандығы бойынша жұмыс істегісі келетінін айтқан. Көпшілігі қазіргі таңда алған біліміне сәйкес келмейтін салада еңбек етіп жүргенін мойындайды.
Астанада бос жұмыс орындарын қалай табуға болады?
Жұмысын ауыстыруды жоспарлағандардың басым бөлігі – қала тұрғындары. Қалаларда мұндай ниеті барлар саны 123,5 мың адамды құрайды. Ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш шамамен екі есе аз, бұл өңірлерде балама жұмыс орындарының тапшылығын аңғартуы мүмкін.
Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады