• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 18:10

Астаналық әйел АҚШ-қа виза жасатып беремін деп 6 адамды алдап кеткен

0 рет
көрсетілді

Астанада АҚШ визасын «жедел рәсімдеп беремін» деп алдап, азаматтардың ақшасын иемденген 35 жастағы әйел ұсталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Тергеу мәліметіне сүйенсек, күдікті АҚШ визасын қысқа мерзімде шығарып беруге уәде етіп, адамдардың сеніміне кірген. Нәтижесінде ол шетелге оңай шығарып жіберемін деп сендіріп, кемінде алты эпизод бойынша алаяқтық жасаған. Қызметі үшін әртүрлі көлемде ақша алып, кейін байланысқа шықпай қойған.

Ұлттық банк ескертеді: Төлем картасын бұғаттау арқылы жасалатын алаяқтық көбейді

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын шамамен 3 миллион теңгені құрайды. Полиция күдіктінің өз кінәсін мойындағанын мәлімдеді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мұндай қылмысты жасайтындар көбіне  құжаттарды шұғыл рәсімдеу керек екенін және квота шектеулі екенін алға тартады. Алдын ала төлем талап етеді және ақша аударылған соң байланыссыз кетеді.

Ақтөбеде прокурор ұсталды: Шенеунік 10 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Астана қалалық Полиция департаменті кез келген ұсынысты мұқият тексеріп, тек ресми лицензиясы бар ұйымдармен жұмыс істеу қажеттігін еске салады. Күмәнді жағдай туындаса, бірден құқық қорғау органдарына жүгінген жөн.

Соңғы жаңалықтар