Алматыдағы Турксіб аудандық сотының шешімі бойынша Air Astana әуекомпаниясы Қызылорда – Алматы рейсіне жіберілмеген жолаушыға 500 000 теңге моральдық шығын төлейтін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жолаушы 2025 жылғы 26 шілдеде Қызылорда – Алматы бағыты бойынша рейске әуе билеттерін сатып алған. Ол 16 тамызда тіркеуден өтіп, әуежайға келгеннен кейін әуе компаниясының қызметкерлері тіркеудің жойылғанын түсіндіріп, оны әуе кемесінің бортына жібермеген.
Осыған байланысты талап қоюшы соттан жауапкерден материалдық залалды (билет құны және байланысты шығындар), сондай-ақ моральдық зиян өтемақысын өндіруді сұраған.
Сот талап қоюшының рейске тіркеуден өткенін, алайда әуе кемесіне отырғызылмағанын анықтады.
«Жауапкер сотқа жолаушыны тасымалдаудан бас тартуға заңды негіздер жоқ екенін дәлелдей алмады. Осылайша, әуе компаниясы жолаушыны әуе тасымалдау шарты бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған және талап қоюшыға келтірілген залал үшін жауапты болып есептеледі», деп хабарлады сот.
Билет бар, орын жоқ: Қарағандылық тұрғын әуекомпаниясынан өтемақы өндіріп алды
Сот шешімімен талап ішінара қанағаттандырылып, талап қоюшының пайдасына 500 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өтемақысы, сондай-ақ сот шығындары өндірілді.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Бала өліміне кінәлі әуекомпания өтемақы төлейтін болды