Атырау мұнай өңдеу зауытын тексеру 29 қаңтарда басталған еді. Бұған мұнайлы шаһарда ауа сапасының төмендегені әсер етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық экология департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жоспардан тыс тексеру 11 ақпанда аяқталуы тиіс болған.
«Тексеру мерзімі 12 ақпанда ұзартылды. Енді тексеру 25 ақпанға дейін жалғасады», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қаңтарда шаһар тұрғындары ауада жағымсыз иіс сезілгеніне байланысты шағым айтты. Соған байланысты «Қазгидромет» Атырау облыстық филиалының мамандары мен экологтер арнайы мониторинг жүргізді.
Атырау экологтері табиғатты ластаушыларға 2,3 трлн айыппұл салды
Облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Ерлан Есеновтің мәліметінше, тексеру кезінде күкірт сутегі мен көміртек оксидінің мөлшері рұқсат етілген шекті концентрациядан бірнеше есе асқаны анықталған. Нақтырақ айтқанда, Кеңөзек ауылдық округіндегі Тасқала ауылының тұсында күкірт сутегінің мөлшері – 17,5, іргелес аумақтарда 15 есеге дейін жеткен. Ең сорақысы, «Химиктер» ауылында бұл көрсеткіш 36,3 есеге дейін артқаны тіркелді.
Жас экологтердің озық жобалары