Елордада 21 және 22 ақпанда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен ел өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдер мен жаңа піскен тоқаштарды, табиғи шырындарды, тосаптар мен джемдерді және өзге де тауарларды тиімді бағада сатып ала алады.
Өңірлерде инфляция баяулағанымен, азық-түлікке жатпайтын тауарлар қымбаттай түсті
Іс-шара демалыс күндері 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді. Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орын маңынан №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағыттағы автобустар қатынайды.
Азық-түлік бағасы тұрақты бақылауда