Қазақстанда абоненттік нөмірді бір байланыс операторынан екіншісіне ауыстыру (MNP) процедурасына елеулі өзгерістер енгізілмек. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі тиісті бұйрық жобасын «Ашық НҚА» порталында 6 наурызға дейін талқылауға шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Байланыс операторларына қайтарымсыз үлестік грант беріледі
Сонымен қатар министрлік абоненттер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында донор-оператордың сұранысқа жауап беру мерзімін қатаңдатуды ұсынып отыр. Ендігі кезекте оператор нөмірді көшіру туралы сұраным түскен сәттен бастап 10 минуттан аспайтын уақыт ішінде ресми жауабын қайтаруға міндеттеледі. «Түзетулердің негізгі мақсаты – нөмірді көшіру рәсімін заманауи талаптарға сай жетілдіру және клиенттерге барынша ыңғайлы жағдай жасау. Бұл қадам абоненттің байланыссыз қалатын кезеңін барынша қысқартуға және қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді», деп түсіндірді ведомство өкілдері.