• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ата заң Кеше

Астанада матч кезінде Конституциялық реформаларды қолдауға арналған ерекше акция өтті

10 рет
көрсетілді

Астанада «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері хоккей клубын қолдау және елдегі Конституциялық реформаларды қолдау мақсатында қоғамдық акцияға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Іс-шара аясында трибуналарда бірлік, патриотизм және ұлттық спортты қолдау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы жайылды.

Сонымен қатар қатысушылар конституциялық реформаларды қолдауға арналған арнайы тақырыптағы перформанс ұйымдастырды. Азаматтық ынтымақтастық пен жаңару бағытында адалдықтың белгісі ретінде «Жаңа Конституция үшін» деген жазуы бар ту ашылды.

Акция қоғамдық диалогтың маңызын, стратегиялық өзгерістер төңірегінде азаматтардың топтасуын, сондай-ақ жауапкершілік пен бірлік сияқты құндылықтарды дамытудың өзектілігін көрсетті.

Конституция күні 15 наурызда аталып өтуі мүмкін

Іс-шара барысында жанкүйерлер, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары бір арнаға тоғысып, өзара қолдау мен ынтымақты, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерге деген айрықша құрметті айқын көрсетті.

Қоғамдық кеңес мүшелері жаңа Конституция жобасын талқылайды

Соңғы жаңалықтар