• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ата заң Кеше

Еліміздің кинотеатрларында жаңа Конституцияны қолдауға арналған бейнероликтер көрсетілді

10 рет
көрсетілді

Еліміздің барлық өңірлеріндегі кинотеатрларда Қазақстан Республикасының Конституциясын қолдауға арналған арнайы бейнероликтерді көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бейнероликтер киносеанстардың басында көрсетіліп, көрермендердің кең аудиториясына, жастардан бастап, аға буын өкілдеріне дейін арналған.

Бейнероликтердің көрсетілімі азаматтарға Ата заңның басты қағидаттары мен құндылықтарын түсіндіруге бағытталған ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жүзеге асырылып жатыр.

Бейнероликтер көрнекі бейнелер арқылы конституциялық нормаларға саналы көзқарастың маңыздылығын және олардың әрбір азаматтың күнделікті өміріндегі рөлін айқындайды.

Астанада матч кезінде Конституциялық реформаларды қолдауға арналған ерекше акция өтті

Бұл бастама халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және Конституцияға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Кинотеатрлардағы бейнероликтердің көрсетілімі құқықтық күн тәртібін қалыптасқан мәдени ортаға енгізуге мүмкіндік береді. Кинотеатр инфрақұрылымын құқықтық ақпараттандыру алаңы ретінде пайдалану халықты кеңінен қамту мен белсенді қатысу деңгейін қамтамасыз етеді.

Жаңа Конституция – елдің экологиялық қауіпсіздігінің берік тірегі

Соңғы жаңалықтар